Жаңа кітәптар – Рухани жаңғыру

Теория кино. От Эйзенштейна до Тарковского

Авторы: Фрейлих Семен Израилевич

Тілі: орыс

Басылым жылы: 2015

Аннотация:

«Кино өнерінің теориясы» курсына арналған оқулық. Авторы – кино өнерінің белгілі теоретигі әрі оның тарихын зерттеуші, ол өз тұжырымдамасында киноны ХХ ғасырдың өнеріне балайды; сондай-ақ бүгінгі адамзаттың рухани әлеміндегі киноның алар орнына баға береді. Зерттеу аясы айтарлықтай ауқымды: мұнда классикалық кинодан бастап, қазіргі заманғы киноға дейін қамтылады. Автор кино мен телевизияның өзара қарым-қатынасына, «асқақ» және «аласа» жанрларға, кинодағы бүгінгі стильдерге, киноның тәсіліне және оның театр, әдебиет, кескіндеме және музыка тәсілдерінен өзіндік айырмашылығына баса назар аударады.

Театр және кинематографиялық ЖОО студенттеріне арналған.

Тарихи антропология

Авторы: Михаил Маркович Кром

Тілі: орыс

Басылым жылы: 2010

Аннотация:

Оқу құралы оқырмандарды заманауи тарихи зерттеулердегі аса ықпалды бағыттардың бірімен таныстырады. Мұнда антропологиялық бағыттағы тарихтың бастапқы (менталдылық тарихы) түрлерінен бастап, кейінгі түрлеріне (микротарихтар, күнделікті өмір тарихы, жаңа мәдени тарих) дейін қамтылған. Тарихи-антропологиялық бағыттағы жұмыстардың жалпы сипатымен қатар, жекелеген ұлттық мектептердің (Франция, Италия, Германия, АҚШ, Ұлыбритания) өзіндік ерекшеліктеріне мән беріледі. Тарихшылар мен антропологтардың пәнаралық пікір алмасу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады.

Оқу құралы тарихқа маманданатын студенттер мен магистранттарға, сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды оқып-үйренуші жалпы қауымға арналған.

Тарихи этнология

Авторы: Светлана Владимировна Лурье

Тілі: орысша

Басылым жылы: 2004

Алғашқы басылымы: 1997

Бұл оқулықта психологиялық антропология, этнопсихология, мәдениеттану, этнос экологиясы, дәстүртану тарихы баяндалады. Әлемнің этностық картинасы, оның құрылымы мен өзгеру механизмдері және функционалдық этносішілік конфликт, этностың өзін-өзі құрылымдауы теориялары орыс, армян, ағылшын, фин, түрік халықтарының тұрмысынан алынған тарихи очерктермен жан-жақты дәйектеліп беріледі.

Сондай-ақ, оқулықтағы әдіснамалық түсініктемелер тарихи және әлеуметтік материалдарды талдау үшін этнологиялық концепцияларды қолдану тәсілдерін көрсетеді.

Оқулық сала мамандарына, студенттерге және осы тақырыпқа қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналған.

Кино теориясы: Сезім тұрғысынан кіріспе

Авторлары: Thomas Elsaesser, Malte Hagener

Тілі: ағылшын

Басылым жылы: 2015

Алғашқы басылымы: 2009

Аннотация:

Кітапта кино теориясына тарихи шолу жасалады. Авторлар киноны қабылдау мен тән арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан қарастырады және терезе мен жақтау, есік, айна, көз, тері, құлақ және мисияқты жеті концептуал метафора негізінде саралайды. Қорытынды тарауда цифрлық дәуірдегі кинематографиялық тәжірибені зерттеу жолдары көрсетіледі.

Қазақстанда ұлттық кинематография қанат жайып, дамып келе жатқанда бұл еңбектің бағыт-бағдарымызды айқындауға, әлемдік үдеріске араласуға, жаңа ағым-тәсілдердің, кино жаңалықтарының бел ортасында жүруге септігін тигізері сөзсіз. Басылымда негізгі ұғымдарды түсіндіруге арналған глоссарий қоса берілген.

Кітап гуманитарлық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, сала мамандарына және кино теориясына қызығатын оқырманға арналған

Кино өнеріне кіріспе

Авторлары: David Bordwell, Kristin Tomphson, Jeff Smith

Тілі: ағылшын

Басылым жылы: 2016

Алғашқы басылымы: 1979

Аннотация:

Алты бөлімнен тұратын бұл кітап – авторлардың қырық жыл бойы ізденіп жазған сапалы да мазмұны зор ауқымды еңбегі. Кітапта фильм өндірісі процесінің әртүрлі аспектілері, кино технологиясы, жұмыс жүргізу мен оның бизнеске қатысты тұсы және фильм формасы кеңінен сөз болады. Фильм жасау техникалары: мизансцена, кинематография, монтаждау тәсілдері көптеген мысалдарды орайластыра отырып талданады. Жанр идеясы ерекшелігіне қарай топ-топқа бөлініп, жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар фильм жөнінде өзіңіздің сыни көзқарасыңызды қалыптастыруға ықпал етеді. Кино өнерінің тарихы туралы да айтылады. Туынды фильм түсіруге, кино жайлы еңбек жазуға талпынған мамандарға, осы саладағы студенттерге, оқытушыларға, әуесқой фильм түсірушілерге арналған. Қарапайым көрермен болса бұл кітап арқылы фильмді түсініп, оны бағалауды, ой-пікір білдіруді үйренеді.

Киносценарий. Сценарий жазу негіздері

Авторы: Syd Field

Тілі: ағылшын

Басылым жылы: 2007

Алғашқы басылымы: 1979

Аннотация:

«Киносценарий. Сценарий жазу негіздері» – концептіден дайын сценарийге дейінгі сатылы нұсқаулық. Бұл – маманданған әрі сценарий жазуды жаңа бастап жүрген сценаристерге арналған кәсіби оқулық.

Автор шығарманы сценарийге бейімдеу тәсілінен бастап идеяны дамытып, кейіпкер қалыптастырып, кезең-кезеңімен жазу жолын көрсетеді. Сонымен қатар дайын сценарийді сату жолдарын тәптіштеп түсіндіреді. Сид Филд сценарий жазу үйренуге болатын шығармашылық процесс екенін ескерте отырып, оны кез келген сала маманы меңгере алатынына сенім білдіреді.

Кітап жоғары оқу орындарында шығармашылық бағытта білім алатын студенттерге және киносценарий жазуды үйренгісі келетін көпшілік оқырманға арналған.

Cinéma 1 : L’image- mouvement

Авторы: Gilles Deleuze

Тілі: француз

Басылым жылы: 1983

Алғашқы басылымы: 1983

Аннотация:

Француз философы Жил Делөз (1925–1995) «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт-бейне» атты екі томдық еңбегінде кино тарихын емес, кинодағы бейнелер мен семиотикалық белгілерді философиялық тұрғыда зерделеп, қозғалыс, кеңістік, уақыт және бейне сынды іргелі ұғымдарға бойлауға мүмкіндік беретін кино логикасына терең талдау жасайды. Ол дәстүрлі түсініктер аясынан шығып, киноны терең таным тұрғысынан айшықтау арқылы ішкі дүниесін пайымдауға бағыттайды. Оның көзқарасы бойынша әрбір фильм – философиялық шығарма. Осы орайда Анри Бергсонның «Материя және жад» еңбегіне сүйене отырып, кино теоретиктерімен пікірталасқа түсу арқылы кадр, план, кадрлау, кадрға бөлу және монтаж тәсілдерінің философиялық негізін анықтайды. Киноны философиялық ойлау деңгейіне көтеретін қозғалыc-бейне, сезім-бейне, әрекет-бейне, қабылдау-бейне және т.б ұғымдарды енгізеді. Сол арқылы жаңа технологиялармен бірге өзгерген қазіргі заманғы адам болмысын, оның қабылдау үлгілерін кеңінен қарастырады.

Бұл еңбек өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап кино өнеріне талдау жасауда кең айналымға түсті және кино теориясына да, кино сынына да зор ықпал етті. Әлемнің көптеген жоғары оқу орындарында, кино академияларында маңызды теориялық еңбек ретінде оқытылып келеді.

Кітап кино саласының мамандарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Cinéma 2 : L’image-temps

Авторы: Gilles Deleuze

Тілі: француз

Басылым жылы: 1983

Алғашқы басылымы: 1983

Аннотация:

Француз философы Жил Делөз (1925–1995) «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт-бейне» атты екі томдық еңбегінде кино тарихын емес, кинодағы бейнелер мен семиотикалық белгілерді философиялық тұрғыда зерделеп, қозғалыс, кеңістік, уақыт және бейне сынды іргелі ұғымдарға бойлауға мүмкіндік беретін кино логикасына терең талдау жасайды. Ол дәстүрлі түсініктер аясынан шығып, киноны терең таным тұрғысынан айшықтау арқылы ішкі дүниесін пайымдауға бағыттайды.

Оның көзқарасы бойынша әрбір фильм – философиялық шығарма. Осы орайда, Анри Бергсонның «Материя және жад» еңбегіне сүйене отырып, кино теоретиктерімен пікірталасқа түсу арқылы кадр, план, кадрлау, кадрға бөлу және монтаж тәсілдерінің философиялық негізін анықтайды. Киноны философиялық ойлау деңгейіне көтеретін қозғалыc-бейне, сезім-бейне, әрекет-бейне, қабылдау-бейне және т.б. ұғымдарды енгізеді. Сол арқылы жаңа технологиялармен бірге өзгерген қазіргі заманғы адам болмысын, оның қабылдау үлгілерін кеңінен қарастырады.

Бұл еңбек өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап кино өнеріне талдау жасауда кең айналымға түсті және кино теориясына да, кино сынына да зор ықпал етті. Әлемнің көптеген жоғары оқу орындарында, кино академияларында маңызды теориялық еңбек ретінде оқытылып келеді.

Кітап – кино саласының мамандарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Эстетика

Авторы: Юрий Борисович

Тілі: орыс

Басылым жылы: 2016

Алғашқы басылымы: 2013

Аннотация:

Белгілі ғалым, жазушы, ұзақ жылдар Ресей ғылым академиясы Әлем әдебиеті институты теория бөлімінің меңгерушісі, халықаралық эстетика қауымдастығының мүшесі болған Юрий Боревтің кітабында заманауи эстетиканың негізгі мәселелері жан-жақты баяндалады. Автор өнер дамуының табиғаты, болмысы, тууы және теориялық тарихы проблемаларын түсіндіре отырып, тыңнан зерделеуге жол ашады. Әсемдік, асқақтық, трагедиялық, комедия-лық категориялары жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдалады. Теориялық ережелер әлемдік өнер тарихының құнды материалдарымен берілген.

Оқулық өнертанушыларға, эстетикаға қызығатын қалың оқырманға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына арналған.

The Cambridge Introduction to Theatre Studies

Автор: Christopher B. Balme

ISBN-10: 0521672236

ISBN-13: 978-0521672238

Тілі: ағылшын

Баспа: Cambridge University Press

Басылым жылы: 2008

Бет саны: 244

Аннотация:

Жаңа Зеландияда дүниеге келіп, Мюнхенде (Германия) ғалым ретінде қалыптасқан театртанушы Кристофер Балмның «Театртану» еңбегі осы саланы академиялық университеттік пән ретінде оқытуға арналған. Автор әдіснама, зерттеу әдістері мен тәсілдері мәселелеріне назар аударады. Кітаптың кіріспесі және 3 бөлімі, 12 тарауы бар. Жалпы арнайы пән пайда болғанға дейін театртанудың негізгі бөлігін Еуропа драмасының «алтын ғасырын» және классикалық Грекия, Шекспир, Мольер немесе Веймар классицизмі драматургиясын зерттеумен айналысқан әдебиет зерттеушілері қарастырды. Кейінгі жылдары бұл салаға бел шеше кіріскен зерттеушілер «Театртануды» жеке гуманитарлық пәнге айналдыра білді. Кітап театр тәжірибелерін түрлі мәдени және тарихи астар арқылы түсіндіруге арналады. Театрдың аса күрделі табиғаты мен оны түрлі көзқарас бойынша зерттеу мүмкіндігін көрсету де басты бағдар ретінде алынған.

Кітап өнертану бағытында білім алып жатқан студенттерге, магистранттарға және осы саланы зерттеушілерге арналған.

Әлем музыкасының тарихы, 1-том

Авторы: Philip V. Bohlman

Тілі: ағылшын

Басылым жылы: 2017

Алғашқы басылымы: 2017

Аннотация:

Әлем музыкасы заманауи медианың дүниежүзіне жаһандануды тарататын өнімі емес, адамзат тарихындағы мәдениеттер мен тілдерді, діндер мен өркениеттерді байланыстыратын үлкен мұра екені мәлім. Тарихқа көз салар болсақ, әлем музыкасы халықтардың түрлі салт-жоралғылары мен діндерінен, сан қилы тағдыры мен тұрмыстық ерекшелігінен тамыр тартады. Осы кітапта жинақталған мақалалар оқырманға Еуропа, Қытай, Үндістан, мұсылман елдері, Оңтүстік және Солтүстік Америка музыкасындағы байланыстар мен назар аударуға тұрарлық елеулі сәттерді ұсынады. Авторлардың жинақта ұсынылған мақалаларында мәдени қақтығыстар мен кикілжіңдер, ежелгі өркениеттерден бастап, ғылымның өзегі болған орта ғасырлардағы мұсылман ғалымдардың теориялары, Қайта өрлеу кезеңінен постмодернге дейінгі Еуропа музыкасы жан-жақты қарастырылған. Жалпы, жинақ бүгінде танымал және классикалық музыка ретінде танылған түрлі халықтардың музыка тарихын егжей-тегжейлі баяндайды.

Кітап музыкатанушылар мен өнертанушыларға ғана емес, музыка тарихына қызығатын барша оқырманға арналған.

Әлем музыкасының тарихы, 2-том

Авторы: Philip V. Bohlman
Тілі: ағылшын
Басылым жылы: 2017
Алғашқы басылымы: 2017

Әлем музыкасы заманауи медианың дүниежүзіне жаһандануды тарататын өнімі емес, адамзат тарихындағы мәдениеттер мен тілдерді, діндер мен өркениеттерді байланыстыратын үлкен мұра екені мәлім. Тарихқа көз салар болсақ, әлем музыкасы халықтардың түрлі салт-жоралғылары мен діндерінен, сан қилы тағдыры мен тұрмыстық ерекшелігінен тамыр тартады. Осы кітапта жинақталған мақалалар оқырманға Еуропа, Қытай, Үндістан, мұсылман елдері, Оңтүстік және Солтүстік Америка музыкасындағы байланыстар мен назар аударуға тұрарлық елеулі сәттерді ұсынады. Авторлардың жинақта ұсынылған мақалаларында мәдени қақтығыстар мен кикілжіңдер, ежелгі өркениеттерден бастап, ғылымның өзегі болған орта ғасырлардағы мұсылман ғалымдардың теориялары, Қайта өрлеу кезеңінен постмодернге дейінгі Еуропа музыкасы жан-жақты қарастырылған. Жалпы, жинақ бүгінде танымал және классикалық музыка ретінде танылған түрлі халықтардың музыка тарихын егжей-тегжейлі баяндайды.

Кітап музыкатанушылар мен өнертанушыларға ғана емес, музыка тарихына қызығатын барша оқырманға арналған.

Статистика негіздері: әлеуметтік зерттеу құралы

Авторы: Joseph F. Healey

Тілі: ағылшын

Басылым жылы: 2016

Алғашқы басылымы: 2007

Аннотация:

Джозеф Ф. Хилидің «Статистика негіздері: әлеуметтік зерттеу құралы» еңбегі алғаш рет 1984 жылы жарық көрген. Қолыңыздағы оқулық ағылшын тіліндегі төртінші басылым негізінде дайындалды. Оқулық төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлім бірнеше тарауға бөлінген. Атап айтқанда, дескриптив статистика, орталық тенденция өлшемдері, дисперсия өлшемдері, қалыпты қисық, инференциал статистика, гипотезаны сынау түрлері, ассоциацияның бивариатив өлшемдері, мультивариатив техникалар тәрізді статистиканың ауқымды бөлімдері теориялық тұрғыда жан-жақты зерделенеді.

Сонымен қатар оқулықта статистика негіздері, оның әлеуметтік ғылымдарда алатын орны мен мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат беріледі.

Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, ғалымдар мен оқытушыларға, статистика бойынша білімін арттырғысы келетін оқырман қауымға арналған.

Зина О’Лири. Зерттеу жобасын жүргізу: негізгі нұсқаулық

Авторы: Zina O′Leary

Тілі: ағылшын

Жылы: 2017

Аннотация:

«Зерттеу жобасын жүргізу: негізгі нұсқаулық» (Doing your research project: The essential guide to) кітабында зерттеу жобасын жүргізу процесінің әр кезеңі сипатталады. Студенттерге қосымша кө-

мек ретінде: зерттеу жобасына дайындалу; зерттеуге қатысты сұрақтар әзірлеу; зерттеудің этикалық нормаларды сақтауы; әдістерді таңдау және тәжірибеден өткізу; деректер жинау және талдау, т.б. зерттеу жүргізуде қажет болатын қадамдар туралы толық айтылады.

Зерттеу саласында қамтуға болатын бақылау тізімі, зерттеу процесін жан-жақты ашатын авторлық видеороликтер, негізгі концепцияларды бекіте түсетін қосымша әдебиеттер, тақырыпқа қатысты бағдарламалық құрал мен онлайн құралдарды көрсететін уеб сілтемелер, басқа да көптеген үлгілер, мысалдар жұмыстың әр қадамын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Кітапта студенттің зерттеу жобасын бастап, сәтті аяқтауына көмектесетін барлық құралдар қамтылған. Сондықтан, ең алдымен ЖОО суденттеріне арналған. Зерттеу жұмысын жазып көргісі келетін көрерменнің барлығына пайдалы кітап болатыны сөзсіз.

Білім берудегі зерттеулер. Кіріспе

Авторы: Steve Bartlett, Diana Burton

Тілі: ағылшын

Басылым жылы: 2016

Алғашқы басылымы: 2006

Аннотация:

Соңғы жылдары білім беру ісін зерттеу жеке пән саласы ретінде қарқынды дамып келеді. Ұсынылып отырған еңбекте студенттерге жан-жақты қолдау көрсету мақсатында терең зерттеуді қажет ететін бірқатар жеке оқыту салалары жөнінде кеңінен баяндалған. Авторлар білім берудің түрлі аспектілері мен оған қатысы бар әлеуметтік және саяси құрылымдарды, ұлттық оқу бағдарламаларының жасақталуына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерді, экономикалық қысымдар мен саяси факторларды талдай отырып, білім беруді қаржыландыру, оның құрылымының кеңеюі мен өзгеруі жөніндегі мәселелерді де тілге тиек етеді. Білім берудегі соңғы жетістіктерге тоқтала отырып, адамның мінез-құлқы, мотивация, жетістік және өзін-өзі бағалау жөніндегі білімін арттыруға көмектесетін оқыту стильдері, стратегиялары, тәсілдемелері мен преференцияларына қатысты жүргізілген зерттеулердің мәнін талдап және түсіндіріп береді.

Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығатын барша зерттеушілер мен практик-мамандарға арналған.

Жеке қаражат

Personal Finance 13th Edition

Авторлары: E. Thomas Garman, Raymond Forgue

Тілі: ағылшын

Басылым жылы: 2017

Алғашқы басылымы: 1968

Аннотация:

Е.Томас Гарман мен Рэймонд Е.Форгтың «Personal finance» – Жеке қаражат оқулығы – бұған дейін экономикада қаржы, несие, бағалы қағаздар, инвестициялау, сақтандыру, салық жүйесі, менеджмент тақырыптарында жеке-жеке қозғалған мәселелерді топтастырып, жүйелеу арқылы жеке қаражатты өз алдына дербес білім курсына бөліп шығарған түбегейлі еңбек.

Ақшаны тиімді жұмсаудың әр қадамы сипатталып, жүйеленген бұл оқулық үнемдеуді және инвестициялауды, несиелерді басқаруды, салық төлеуді, кредит картасы бойынша борышыңызды азайту және қаржылық болашағыңызды жоспарлауға көмектеседі. Адамдар арасында жиі кездесетін қаржылық мәселелерді қамтыған кейстер мен кәсіби мамандар кеңесі тақырыптың маңызын түсініп, бағалауға және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ұсынылған мысалдардың көпшілігі инвестициялау арқылы ұзақмерзімді қаржылық мақсаттарға жетуге болатынын айқын көрсетеді. Оқулық мақсаты – кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қол жеткізу және риск-менеджментті үйрету. Кітап ерекшелігі, АҚШ-та жеке қаражатты ұтымды басқару жолдарымен қатар, әр тарау Қазақстанға арнайы бейімделіп, тиісті ақпаратпен, кейстермен толықтырылған.

Кітап экономика, қаржы, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға және қаржысын тиімді басқаруға ниет білдірген барлық оқырманға арналған.

Макроэкономика

Авторы: Michael Parkin

Тілі: ағылшын

Жылы: 2018

Алғашқы басылымы: 1990

Аннотация:

Майкл Паркиннің «Макроэкономика» оқулығы – дүниежүзіне танымал оқулықтардың бірі, өйткені ол экономикаға қатысты соңғы саяси ұстанымдар мен деректерді аналитикалық негізде бере отырып, пән маңызын арттыра түседі. Азық-түлік тапшылығынан бастап жаһандық жылынуға дейінгі түрлі ғаламдық проблемалар неліктен туындайтынын анықтап, оның салдарын, көрсеткішін жан-жақты талдайды, теория мен практиканы ұштастырады.

Автор ең маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға шығарады. Оқулықтың әр тарауы қазіргі дүниежүзіндегі басты мәселелердің бірінен басталып, одан әрі тақырып теориялық тұрғыда талданып, соңында қосымша сұрақтар қойылады. Сондай-ақ студенттерді экономикадағы соңғы зерттеу, тұжырымдамалар мен ақпараттан хабардар етіп, «экономист» сияқты ойлауға үйретеді. Қазақ тіліне бұл оқулықтың 13-басылымы аударылып отыр.

Кітап экономика, қаржы мамандықтарында білім алатын студенттерге, оқытушыларға, оыс тақырыпқа қызығушылық танытқан оқырманға арнала

Микроэкономика

Авторы: Michael Parkin

Тілі: ағылшын

Жылы: 2018

Алғашқы басылымы: 1990

Аннотация:

Майкл Паркиннің «Микроэкономика» оқулығы – жергілікті экономикалық қатынастарды түсіндіретін оқу құралы. Жеке адамның қалауы мен таңдауынан ел экономикасы қалай қалыптасатыны, ол жаһандық экономика процестерімен қалай сабақтасатыны, ақша қатынастары қалай жүргізілетіні, салық неден қалыптасып, елдегі әлеуметтік бағдарламалар қалай жүргізілетініне дейін нақты кейстер мен мысалдарға сүйене отырып түсіндіріледі.

Қазақ тіліне он үшінші басылымы аударылып отырған оқулық экономика мамандықтарында білім алып жатқан болашақ экономист, менеджер, маркетологтарға, сондай-ақ экономикалық қатынастардың қалыптасу механизмін білгісі, түсінгісі келетін көпшілік оқырман қауымға арналған.

Саясат философиясына кіріспе

Авторы: Jonathan Wolff

Тілі: ағылшын

Басылым жылы: 2015

Алғашқы басылымы: 1996

Аннотация:

Алғаш рет қазақ тіліне аударылып отырған Джонатан Уолфтың «Саясат философиясына кірісіпе» деп аталатын кітабында адамзатты бұрыннан толғандырып келе жатқан және қазіргі кезде әлі де өзектілігін жоғалтпаған табиғи күй, мемлекет, демократия, еркіндік, меншік сияқты саяси ғылымдардың зерттеу аясын айқындайтын ұғымдарға қатысты сұрақтар қарастырылады. Кітапта осы сұрақтарға жауап іздеген Платон және Аристотель сияқты ежелгі грек философтары мен Гоббс, Локк, Руссо, Бентам, Юм, Милль, Ролз және Нозик сияқты қазіргі заман ойшылдарының көзқарастары мен тұжырымдары талданады.

Сонымен қатар қазіргі қоғам мен мемлекет алдында туындаған әйел құқықтары, нәсілдік ерекшелік, позитив дискриминация және келер ұрпақтың құқықтары сияқты өзекті мәселелер де жан-жақты қарастырылған.

Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бұл кітаптың тілі жатық әрі мазмұны қызықты.

Саясат философиясының негізгі ұғымдарын танып, ұлы ойшылдардың көзқарастарын шолып, саяси ой кеңістігін тереңдеткісі келетін студенттер мен қарапайым оқырмандарға бұл оқулықтың берері мол.

Әлемдік саясаттың жаһандануы: халықаралық қатынастарға кіріспе

Авторлары: John Baylis, Steve Smith, Patricia Owens

Тілі: ағылшын

Алғашқы басылымы: 2017

Алғашқы басылымы: 1997

Аннотация:

Джон Бейлис, Патриция Оуэнс және Стив Смит жетекшілігімен құрастырылған халықаралық қатынастар пәніне ең танымал кіріспе еңбекте саланың үздік мамандары жазған әлемдік саясаттағы басты теориялар мен жаһандық мәселелерге кеңінен шолу жасалады. «Әлемдік саясаттың жаһандануы: Халықаралық қатынастарға кіріспе» атты кітаптың 7-басылымы халықаралық қатынастар саласындағы ең соңғы оқиғаларды қамтитын феминизм, нәсіл, халықаралық ұйымдар және мемлекеттік емес ұйымдар секілді бірнеше жаңа тараудан тұрады және бұл саланың болашақтағы басты мәселелерін анықтайтын тақырыптармен таныстырады. Кітапта жаһандану дәуіріндегі әлемдік саясатқа шолу жасау, заманауи әлемдік саясатты түсіндіретін теориялық ұстанымдарды қысқаша баяндау және қазіргі әлемдік саясатты анықтайтын негізгі құрылымдар мен мәселелерді айқын түсінуге қажет материал ұсыну секілді үш түрлі негізгі мақсат көзделген. Бұл саланың жетекші мамандары халықаралық қатынастар тарихы, теориясы, құрылымы және басты мәселелерімен таныстырып, сізге оқу барысында теңдессіз нұсқаулық болып қала беретін халықаралық қатынастар әлеміне кіріспе ұсынады.

Этика теориясы мен қазіргі мәселелері

Авторлары: Barbara MacKinnon, Andrew Fiala

Тілі: ағылшын

Басылым жылы: 2018

Алғашқы басылымы: 2011

Аннотация:

Оқулықта дін, утилитаризм, деонтология, табиғи құқық, қайырымдылық және феминистік этика, сонымен қатар қазіргі кезде жиі талқыға түсіп, қызу пікірталастарға негіз болған эвтаназия, мораль, әділ экономика, жануарлар, соғыс пен зорлық-зомбылық және жаһандану этикасы кең талқыланады. Саланың теориясы мен практикасы ұштастырылып, тарихи және заманауи еңбектер мен дәстүрлі және қазіргі дереккөздерге негізделіп жасалған философиялық тұжырымдар кітапты қызықты ете түседі әрі оқырманның этикалық теориялармен қазіргі моральдық пікірталастардың негізгі аспектілерін зерделеп, өз бетінше зерттеу жүргізуіне мүмкіндік береді. Алуан түрлі пікір мен философиялық мәселелер талқыланатын кітапқа әлемге әйгілі философтар тұжырымы негіз етіп алынған.

Оқулық этика саласы бойынша курс оқып жүрген студенттерге, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі жаһандық мәселелердің этикалық негізін танып-білуге қызыққан оқырман қауымға арналады.

Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу

Авторы: Robert L. Hilliard

Тілі: ағылшын

Басылым жылы: 2015

Алғашқы басылымы: 1962

Аннотация:

«Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу» – сценарий жазу шеберлігімен таныстыратын пайдалы еңбек.

Оқулықтың осы басылымында телевизия мен радиодан бөлек жаңа медиа да қамтылған. Кітап қарапайым тілмен жазылған. Оқырман камераның ракурсы, пландардың қойылуы, композициялық шешім, кейіпкер, монтаж, дыбысты ойнату сынды тек практикада ұшырасатын дүниелердің алғышарттарымен танысады. Телевизия мен радиоға жазылған сценарийдің айырмашылығын, онлайн медиа мен әлеуметтік медиаға мәтін жазудың тәртібін түсінеді.

Кітаптың басты құндылығы – медиамаман болуға талаптанған студентті сценарий жазудың негізгі принциптеріне, әдіс-тәсілдеріне баулиды. Еңбек жалпы медиа саласына қызығатын қалың оқырман үшін де пайдалы құрал бола алады.

Азаматтық іс жүргізу: Сот өндірісі. І том: 1-кітап

Авторы: Neil Andrews

Тілі: ағылшын

Басылым жылы: 2013

Алғашқы басылымы: 2013

Аннотация

Бұл кітап – азаматтық процесс саласындағы Англияның ең танымал мамандарының бірі, Кембридж университетінің профессоры Нил Эндрюс дайындаған оқу құралы. Автор әрбір тарауды жан-жақты зерттей келе, азаматтық процестегі пікірталастарды баяндайды, Англияның құқық жүйесіндегі реформаларға және дауды реттеудің балама жолдарына тоқталады. Дауды шешу және реттеу үшін бизнесмендер ағылшын сотына жүгінетін қазіргі таңда кітаптың берер мағлұматы мол. Әсіресе еліміздегі сот саласындағы реформаларды ескерсек, қай нормаларды дамыту керек, олардың қайсысы ағылшын практикасында сәтсіздікке ұшырады, сот жүйесінде қандай норма басшылыққа алынуы керек деген сұрақтарға жауапты осы кітаптан таба аласыз.

Еңбек заң факультетінің студенттеріне, азаматтық іс жүргізу саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, заңгерлерге, осы салаға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

Азаматтық іс жүргізу: Медиация және арбитраж. II том

Авторы: Neil Andrews

Тілі: ағылшын

Басылым жылы: 2013

Алғашқы басылымы: 2013

Аннотация:

Нил Эндрюс екі томда да Англия мен Уэльстегі (екеуі де құқық саласында жетекші саналады) азаматтық іс жүргізуді егжей-тегжейлі қарастырған. Сондай-ақ дауларды реттеудің барлық негізгі түрлерімен таныстырады: бұл кітап – сот талқылауы, медиация мен арбитраж, сот әділдігі жан-жақты әрі практикалық тұрғыда қамтылған бірегей қайнар көз. Оқулықтағы ауқымды сыни және принципті түсіндірулер Англияның ғана емес, шетелдік азаматтық іс жүргізу құқығындағы әдіс-тәсілдерге сүйене отырып жасалған. Дауларды реттеу тәжірибесі талқыланған: мемлекеттік, жеке, сот және бітімгерлік – сот және арбитраж жүйесі, сондай-ақ медиацияның дамып келе жатқан техникасы туралы түсінік қалыптастырады. Оқулықта мемлекеттік (Англия) және шетелдік жұмыстардың (азаматтық іс жүргізудегі) дәйексөздері мен библиографиялық сілтемелері молынан қамтылған.

Кітап – құқық саласындағы кеңесшілер, судьялар, студенттер және осы салаға қызығушылық танытушы барлық оқырман үшін таптырмас анықтамалық құрал.

Интеллектуалдық меншік құқығы, 1-том

Авторы: Lionel Bently, Brad Sherman

Тілі: ағылшын

Басылым жылы: 2014

Алғашқы басылымы: 2001

Аннотация:

Интеллектуалдық меншік құқығы – құқықтың осы саласын мейлінше толық қамтып, қыр-сырымен таныстыратын елеулі еңбек. Кітапта авторлық құқық, патент, тауар белгісі, дизайн және өнеркәсіп үлгісі, әділетсіз бәсекелестік пен құпия ақпарат мәселелерінің әрқайсысына бірнеше тарау арнап, тақырыпты жан-жақты талқылайды. Тек академиялық пікір айтып қоймай, ағылшын-саксон құқығы мен Еуропа одағына мүше көптеген елдерге тән роман-герман құқықтық жүйесіндегі интеллектуалдық меншік құқығын реттеудің басты принциптері мен құқықтық-нормативтік актілерін талдайды.

Интеллектуалдық меншік құқығының қалыптасу кезеңдері технологиялық прогресспен және халықаралық сауданың дамуымен тығыз байланысты. Осы себепті, авторлар соңғы жылдардағы өзгерістерді қамту үшін еңбекті бірнеше дүркін жаңғыртқан. Айталық, осы қолыңызға ұстап отырған бесінші басылымында Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамынан шығуы, (Brexit), Еуропалық тауар белгісі режимі, Еуропа сотындағы соңғы кейстердің, Транс-Тынық мұхиты сауда келісімі (TPP) түйткілдерінің Интеллектуалдық меншік құқығының алдағы дамуына әсерін талқылайды.

Кітап қазақ оқырмандарына, әсіресе құқық саласының мамандарына арналған.

Интеллектуалдық меншік құқығы, 2-том

Авторы: Lionel Bently, Brad Sherman
Тілі: ағылшын
Басылым жылы: 2014
Алғашқы басылымы: 2001

Интеллектуалдық меншік құқығы – құқықтың осы саласын мейлінше толық қамтып, қыр-сырымен таныстыратын елеулі еңбек. Кітапта авторлық құқық, патент, тауар белгісі, дизайн және өнеркәсіп үлгісі, әділетсіз бәсекелестік пен құпия ақпарат мәселелерінің әрқайсысына бірнеше тарау арнап, тақырыпты жан-жақты талқылайды. Тек академиялық пікір айтып қоймай, ағылшын-саксон құқығы мен Еуропа одағына мүше көптеген елдерге тән роман-герман құқықтық жүйесіндегі интеллектуалдық меншік құқығын реттеудің басты принциптері мен құқықтық-нормативтік актілерін талдайды.

Интеллектуалдық меншік құқығының қалыптасу кезеңдері технологиялық прогресспен және халықаралық сауданың дамуымен тығыз байланысты. Осы себепті, авторлар соңғы жылдардағы өзгерістерді қамту үшін еңбекті бірнеше дүркін жаңғыртқан. Айталық, осы қолыңызға ұстап отырған бесінші басылымында Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамынан шығуы, (Brexit), Еуропалық тауар белгісі режимі, Еуропа сотындағы соңғы кейстердің, Транс-Тынық мұхиты сауда келісімі (TPP) түйткілдерінің Интеллектуалдық меншік құқығының алдағы дамуына әсерін талқылайды.

Кітап қазақ оқырмандарына, әсіресе құқық саласының мамандарына арналған.

Интеллектуалдық меншік құқығы, 3-том

Авторы: Lionel Bently, Brad Sherman
Тілі: ағылшын
Басылым жылы: 2014
Алғашқы басылымы: 2001

Интеллектуалдық меншік құқығы – құқықтың осы саласын мейлінше толық қамтып, қыр-сырымен таныстыратын елеулі еңбек. Кітапта авторлық құқық, патент, тауар белгісі, дизайн және өнеркәсіп үлгісі, әділетсіз бәсекелестік пен құпия ақпарат мәселелерінің әрқайсысына бірнеше тарау арнап, тақырыпты жан-жақты талқылайды. Тек академиялық пікір айтып қоймай, ағылшын-саксон құқығы мен Еуропа одағына мүше көптеген елдерге тән роман-герман құқықтық жүйесіндегі интеллектуалдық меншік құқығын реттеудің басты принциптері мен құқықтық-нормативтік актілерін талдайды.

Интеллектуалдық меншік құқығының қалыптасу кезеңдері технологиялық прогресспен және халықаралық сауданың дамуымен тығыз байланысты. Осы себепті, авторлар соңғы жылдардағы өзгерістерді қамту үшін еңбекті бірнеше дүркін жаңғыртқан. Айталық, осы қолыңызға ұстап отырған бесінші басылымында Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамынан шығуы, (Brexit), Еуропалық тауар белгісі режимі, Еуропа сотындағы соңғы кейстердің, Транс-Тынық мұхиты сауда келісімі (TPP) түйткілдерінің Интеллектуалдық меншік құқығының алдағы дамуына әсерін талқылайды.

Кітап қазақ оқырмандарына, әсіресе құқық саласының мамандарына арналған.

Келісімшарт ережелері. Ағылшын құқығына түсініктеме

Авторы: Neil H. Andrews

Тілі: ағылшын

Басылым жылы: 2016

Алғашқы басылымы: 2016

Аннотация:

Танымал ағылшын заңгері, құқықтанушы Нил Эндрюс бұл еңбегін ағылшын келісімшарт құқығы тақырыбына арнаған. Халықаралық мәмілелер жасасатын тараптар өзара қатынастарды реттеу құралы ретінде көп жағдайда ағылшын құқығына басымдық беретіні белгілі.

Кітапта келісімшарт жасасу ережелеріне түсіндірме беріліп, оқуға қосымша әдебиеттер ұсынылған. Бұл еңбектің қалың оқырман қауымға, ортақ құқық қағидалары қолданылатын және қолданылмайтын елдердегі заңгерлер, судьялар, іскер топ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, құқықтанушы ғалымдар, студенттер мен қатардағы азаматтарға көмегі тиері анық.

Тарихи білім тарихы

Авторлары: Репина Л.П., Зверева В.В., Парамонова М.Ю.

Тілі: орыс

Басылым жылы: 2016

Алғашқы басылымы: 2013

Аннотация:

Кітапта архаикалық дәуірден біздің заманымызға дейінгі тарихи сананың қалыптасуы мен тарихи ойдың эволюциясы, тарихи білімнің кәсібилену процесі, оның ғылым пәні ретінде орнығуы кешенді түрде қарастырылып, тарихнама бойынша негізгі мектептер мен бағыттардың сипаттамасы беріледі әрі тарихты зерттеудің мәселелері, әдіснамасы, пәні мен міндеттерін түсінудегі өзгерістер жан-жақты зерделенеді. Бұған қоса еңбекте өткенді қабылдаудың түрлі формалары, тәсілдері мен деңгейлері, әртүрлі дәуірлердегі тарихи ой өкілдерінің концепциялары, орыс және шетел тарихшыларының әйгілі туындылары, тарихи білімнің табиғаты, шынайылық критерийлері, ғылыми және қоғамдық мәртебесі туралы заманауи пікірталастар талданады. Оқулық жоғары оқу орындарындағы тарих факультетінің студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, оқытушыларға және тарихқа қызығатын жалпы оқырман қауымға арналған.